Жолақ пижамадағы бала (фильм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жолақ пижамадағы бала
The Boy in the Striped Pyjamas
Фильмнің постері
Ұлыбританиядағы фильмнің театралды постері
Жанры

драма

Режиссёрі

Марк Херман

Продюсері

Дэвид Хейман

Сценарийдің авторы

Джон Бойн (роман)
Марк Херман

Басты рөлдерде

Эйса Баттерфилд
Джек Скэнлон
Вера Фармига
Дэвид Тьюлис
Амбер Битти
Руперт Френд
Дэвид Хейман

Операторы

Бенуа Дельомм

Композиторы

Джеймс Хорнер

Кинокомпания

BBC Film
Heyday Films
Miramax Films

Дистрибьютор

Walt Disney Studios Motion Pictures

Ұзақтығы

94 минут

Бюджеті

12.5 миллион $[1]

Кассалық түсімі

44.1 миллион $[2]

Мемлекет

 Ұлыбритания[3]
 АҚШ[3]

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2008

IMDb

ID 0914798

http://www.miramax.com/movie/the-boy-in-the-striped-pajamas

«Жолақ пижамадағы бала» (ағылш. The Boy in the Striped Pyjamas) — сценарийдің авторы мен режиссері Марк Херман болып табылатын 2008 жылғы трагедиялы, тарихи драмалы фильм. Фильм 2006 жылы жарық көрген Джон Бойнның бір аттас романына негізделген. Фильм драмасы Холокост туралы және фильмнің негізгі оқиғасы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде болып жатыр. Фильм нацисттік Өлім жазасы лагерінің барлық зұлымдықтарын 8 жасар лагерьдің нацистік комендантының ұлы Бруно (Эйса Баттерфилд) және еврейлік тұтқын Шмуэль (Джек Скэнлон) сияқты екі балалардың көзімен көрсетеді. Тұсаукесері Ұлыбританияда 12 қыркүйек 2008 жылы өтті.

Нацисттік концлагерлердегі тұтқындардың киген киімі.

Фильм оқиғасы Екінші дүниежүзілік соғысының қызған шағында болып жатыр. Әкесі Ральфтің өз қызметінде көтерілгені үшін 8 жасар Бруно отбасымен бірге Берлиннен Үшінші рейхпен басып алынған Польшаның ауылдық жеріне көшуіне тура келеді. Ешқандай көршісіз, қаладан тыс, және ойнайтын достары жоқ Бруно жалғыздықтан іші пысады. Кейіннен, алыста біртүрлі адамдардың оның ойынша фермада (шын мәнінде концлагерь болып табылатын) жұмыс істеп жүргенін көргеннен кейін оған тіпті үйдің артқы ауласында да жүруге болмайды.

Бруно мен оның тәтесі Гретельдің тәрбиешісі Лист мырза оларға антисемитизм мен Нацисттік пропаганданы насихаттайды. Бұл Гретельдің лейтенант Курт Котлерге деген сүйіспеншілігімен бірге оның жатын бөлмесінің қабырғасын Нацисттік плакаттар мен Адольф Гитлердің портретімен әсемдеуге дейін жеткізеді. Тек Бруно ғана ештеңені түсінбейді.

Ешкім байқамай тұрғанда Бруно ақырын артқы аулаға шығып, орманға қашып шығады. Бруно лагерьді қоршап тұрған темір торға келеді. Ол жерде бұрышта отырған жолақ пижамадағы баланы кезіктіріп, оның есімі Шмуэль екенін біледі. Екеуі достасып, Бруно күн сайын осы жерге келіп, үйінен ұрлап шыққан тамағын Шмуэльге береді, сондай-ақ олар екеуін бөліп тұрған темір тор арқылы әр түрлі ойындар ойнайды. Ол Шмуэльдің лагерьге ата-анасымен әкелінге еврей екенін біледі.

Күнде аспанда көрінетін қара түтіннің өртеніп жатқан еврейлердің денелері екенін білген Бруноның анасы Эльза балаларды алып туысқандарының үйінде тұруға шешім қабылдайды. Берлинді әуе бомбылауы кезінде Бруноның әжесі қайтыс болады. Әжелерінің жерлеу рәсімінен кейін Ральф балаларды шақырып оларға аналарының балаларды алып, туысқандарының үйінде тұруға шешім қабылдағанын айтады; шын мәнінде, Эльза балалардың қанішер әкелерімен бірге тұрғанын қаламайды.

Досымен бірге соңғы рет көрісуге келген Бруно, Шмуэльдің әкесінің жоғалып кеткенін біледі. Шмуэльге әкесін табуға көмектесу арқылы өз айыбын тазалау үшін Бруно Шмуэльге ертеңге жолақ сызықты киім дайындауын сұрайды. Келесі күні Бруно киімін ауыстырып, темір тордың астын күрекпен қазып, ішке өтетіндей жол жасайды. Ішке кіріп көптеген ауру, әлсіз адамдарды көрген Бруно таңғалып, қорқа бастайды. Алайда, әкесін табуға көмектесетініне уәде беріп қойғандықтан олар әрі қарай іздеп, бір сарайдың ішіне кіреді. Кіргені сол еді, екі баланы және сарайдың ішінде болған еврейлерді зондеркоманда ұстап алып кетеді.

Үйде Мария, Эльза және Гретель Бруноның жоғалып кеткенін байқайды. Бруноның жоғалғанын хабарлау үшін Эльза Ральфтің кабинетіне басып кіреді. Ральф және оның адамдары іздеуді бастайды, олардың артынан Эльза мен Гретель ереді. Ит темір тордың бер жағында тасталған киімі арқылы Бруноның иісімен ереді және Ральф лагерьдің ішіне кіреді. Бруноны, Шмуэльді және басқа да еврейлерді "душ" үшін киімдерін шешуді сұрайды. Барлық адамдарды жалаңаштандырып, газ камераға қамап, жарықты өшіреді. Бруно мен Шмуэль бір-бірінің қолын ұстап бір-бірін жұбатады. Нацисттік әскерлер Циклон Б уын қараңғы камераға құйғанда ішіндегі адамдар абыр-сабыр болады. Ральф не болып жатқанын түсінген кезде ұлының атын айтып айқайлады. Фильм үнсіз газ камерасының есігін көрсетумен аяқталады, бұл тұтқындардың барлығы, соның ішінде Бруно мен Шмуэльдің қайтыс болғанын көрсетеді.

  • Эйса Баттерфилд — Бруно
  • Джек Скэнлон — Шмуэль, лагерьдегі жас еврей
  • Вера Фармига — Эльза, Бруноның анасы
  • Дэвид Тьюлис — Ральф, Бруноның әкесі
  • Амбер Битти — Гретель, Бруноның тәтесі
  • Руперт Френд — лейтенант Курт Котлер
  • Дэвид Хейман — Павел
  • Шейла Хэнкок — Натали, Бруноның әжесі
  • Ричард Джонсон — Мэтайс, Бруноның атасы
  • Кара Хорган — Мария
  • Джим Нортон — Герр Лист

Фильм түсірілімі 2007 жылы 29 сәуір мен 7 шілде аралығында Венгрияда өтті. Түсірілім Будапешттегі Керепеси зиратында, Будафоктағы Сачеллари қамалында және Будапешттің басқа да аудандарында жүргізілді. Интерьерлері Будапешттегі Fót Studios студиясында түсірілді.[4] Постпродакшн Лондонда аяқталды.[5] Жалпы фильм өндірісі 13 миллион АҚШ долларын құрады.[6]

The Boy in the Striped Pyjamas
«The Boy in the Striped Pyjamas» альбомының мұқабасы (Джеймс Хорнер, )
Джеймс Хорнер Саундтрек
Шыққан жылы

2008

Жанры

Фильм музыкасы

Ұзақтығы

51:40

Ел

 Ұлыбритания
 АҚШ

хронологиясы
The Boy in the Striped Pyjamas
# Атауы Ұзақтығы
1 «Boys Playing Airplanes» 4:15
2 «Exploring the Forest» 2:35
3 «The Train Ride to a New Home» 3:35
4 «The Winds Gently Blow Through the Garden» 6:00
5 «An Odd Discovery Beyond the Trees» 3:00
6 «Dolls Aren't for Big Girls, Propaganda is…» 3:40
7 «Black Smoke» 1:50
8 «Evening Supper — A Family Slowly Crumbles» 7:50
9 «The Funeral» 1:55
10 «The Boys' Plans from Night to Day» 2:40
11 «Strange New Clothes» 9:50
12 «Remembrance, Remembrance» 5:30
Жалпы: 51:40

Марапаттар мен номинациялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Марапат Санат Иегер(лер) Нәтиже
2008 Британ тәуелсіз фильм марапаты[7] Үздік актриса Вера Фармига Жеңіс
Үздік режиссер Марк Херман Номинация
Ең перспективті жаңадан келген актер Эйса Баттерфилд Номинация
2009 Гойя марапаты Үздік еуропалық фильм Жолақ пижамадағы бала Номинация
Ирландия фильм және телевидение академиясы[8] Үздік халықаралық фильм Номинация
Жас Әртіс Марапаты[9] Best Leading Performance (International Feature Film) Эйса Баттерфилд және Джек Скэнлон Номинация

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]